2014 жылғы 25 сәуірде № 2 Перинатальды орталық, Ломов көшесі 47/1 аумағында сағат 11-00-де Республикалық "Қазақстандық отбасы" пилоттық жобасы аясында "Өз отбасы ағашын отырғыз" акциясы бастау алып, "Біз болашағымызды бірге жасаймыз!" атты ұранмен өткізілді. Акцияға қатысушыларды тартудың жауапкершілігі "Жастар бастамасын дамыту орталығы" ҚММ қолдауымен біздің № 28 мектепке жүктелді. Қаланы көркейту мен көріктендіру акциясына қатысуға шақыру алған қала мектептері отбасылары бірауыздан қолдады. Қатысушы саны 240 адам. Келген отбасылар жоспарланған сценарий бойынша сүйіспеншілікпен қатысты. Акцияға мектеп отбасыларынан басқа да отбасылар қатысты: биыл отау құрып, өмірде бірге болғандарына 55-жыл толатын -Төлегеновтар отбасы, жас отбасы Сейтказина-Мақановтар, олар кішкетайлы болды, Хамитова-Қадырхановтар, сол атаулы күні отбасын құрған. Ағаш отырғызу акциясы - «Бүкіл әлемде тіршілік бар. Яғни, адамдар ғана емес, жануарлар, тіпті Жер ғаламшары және ағаштар да тіршілік иесі. Егер ағашты кессең, бір өмір тоқтады деген сөз. Ағаш отырғызу - жаңа ұрпақ символы. «Былайша айтқанда кез келген ағаш - өмір, ізгілік символы».