«Қыздар-ай» жобасына қатысу

Мектеп жанындағы лагерь қыздары «Қыздар-ай» конкурсына қатысты. Команда капитаны болып Дина Кусаинова бірауыздан сайланды. Қыздар өздерін таныстырып, өздері немен айналысатын, неге әуестенетіні туралы айтты. Команда қыздарының мінез-қылықтары әр түрлі, олар өлең айтып, би билегенді, кішігірім қойылым қойғанды ұнатады. Черлидинг биімен айналысады. Көрермендер қойылымды тамаша қарсы алды. Алдымызда «Айгөлек» вокальды конкурсы күтіп тұр.