Жалпы мектептік ата-аналар комитетінің жұмысы
Азаматтық сана-сезім және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы барысында тәртіп пен құқықтық тәртіп комиссиясының отырысы өткізілді. Ата-аналарға мектеп психологі А.В. Полозюкова оқушылардың жасөспірім кезіндегі агрессиялық деңгейі туралы ақпарат берді.
Сыныптың ата-аналар комитетінде ата-аналар жиналысы мен ата-аналарға арналған тренингтерді біріктіріп өткізу туралы ұсыныс жасалып, оны талқылап шешу керектігі айтылды.
Мектептің әлеуметтік педагогы Н.К. Камалитдинова ата-аналарды қажетті материалды көмек алу туралы ақпаратпен таныстырды: ыстық тамақ, кеңсе тауарлары, қиімдер, аяқ киімдер, жазғы демалысты ұйымдастыру.