2016 жылдың 20 қаңтар күні Павлодар қаласы №28 жалпы орта білім беру мектебінде мектеп ұстаздары мен балабақша тәрбиешілері арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында "Тіл - достықтың құралы" атты конкурс өткізілді. Біздің мектебімізден бастауыш мектеп мұғалімі Левицкая Ксения қатысты. Ксения өзін таныстыру, мақал-мәтел, жедел аударма,, көркем прозадан мәнерлеп оқу және шығармашылық өнерді көрерменге ұсыну сынды сайыстардан сәтті өтті. Нәтижесінде "Қазақ тілін үйренгім келеді" аталымына ие болды. Ксенияны сайысқа дайындаған ұстаздар: қазақ тілі мұғалімі Рахатова Ләйлім Нұрмұқанқызы мен музыка муғалімі Жағыпаров Бауыржан Құсанұлы.