"Рақмет саған, қазақ жері"
«1 наурыз – Алғыс айту күні» - осы тақырып бойынша 2 «А» сыныбында сынып сағаты өтті (сынып жетекшісі Козловская И.К.). Алғыс айту күні - қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бүл - репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісі, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. «Рақмет саған, қазақ жері!»- дейміз біз алғыс айту күні.