Көрмеге бару
1 сынып оқушылары көркемсурет музейіне көрме тамашалауға барды. Балалар ата-аналарымен бірге экскурсия жүргізушіні бар ынталарымен тыңдады. Лектория залында акварель техникасымен танысты. Суреттерді масаттана қызықтады. Экскурсия жүргізушінің колорит және композиция туралы қойылған сұрағына жауап беріп, тамашалаған суреттеріне талдау жасады. Ата-аналары музей қызметкерлеріне алғыс-пікірлерін білдіріп, рақмет айтты. Балалар рухани ләззат алып, шығармашылық жоспар құрып қайтты.