"Ұл мен қыздың достығы"
2 «А» сыныбында (сынып жетекшісі Козловская И. К.) «Ұл мен қыздың достығы" тақырыбына сынып сағаты өткізілді. Балалар Қыздар әлемі мен Ұлдар әлемін зерттеді. Әңгімелесу барысында екеуінің арасындағы айырмашылығын анықтады. "Ең мықты" ойыны өткізілді, онда ұл балалар қыз балаларға жылы сөздер айтуды үйренді. «Ұнату" эстафетасында қыздарға деген ілтипат пен қамқорлығын көрсетті. Ең соңында, балалар, - Ұл мен қыздар достасу үшін, бірімен-бірі ұрыспау үшін не істеу керек, деген сұраққа жауап іздеді.