19 сәуірде № 28 ЖОМ ММ «Мамандық шеруі» конкурсы өткізілді. 7-9 сынып оқушылары «Нефтехим LTD» ЖШС және «Крендель» ЖШС негізгі мамандықтарымен таныстырды. Бұл – полимер өнеркәсібінің тоқымашы-технологы , экструдер машинисі, компрессор орнату машинисі, химиялық талдау жасау лаборанты, кондитер, слесарь – жөндеуші, аспазшы. Балалар кәсіпорынға бірнеше рет барып, таныстыру және тақырыптық экскурсия жүргізілді, жұмысшылардан сұхбат алып, бейіндік-бағдарлы пән – химияны зерделеп, технологиялық колледж және қоғамдық тамақтандыру мен қызмет көрсету колледжімен біріктірілген сабақтар өткізілді.