"Өз қалаңды білесің бе? сайыс-ойын бағдарламасы қызықты да танымды өтті. Осы шараның мақсаты: өз қалаң туралы ой-өрісін кеңейту, патроитизм сезімін қалыптастыру, өз қалаңның дамуына деген жауапкершілігін арттыру. Оқушылар сұрақ-жауап сайысы сұрақтарына жауап беріп, "Егер де мен әкім болсам..." тақырыбына эссе жазу сайысына қатысты. Сұрақ-жауап сайысына 5 «А», 5 «В», 6 «Б», 6 « В» сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Эссе сайысының ең үздігі болып 6-а сынып оқушылары танылды. Сайыс жеңімпаздары дипломдар мен грамоталармен марапатталды.