"Жас Ұлан", "Жас Қыран" тобына қабылдау
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі қарсаңында ең үздік деген 48 оқушы Республикалық "Жас Ұлан", "Жас қыран" балалар-жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды. Балалар өз елінің патриоты болуға және қоғамға қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.