Мектепте ыстық тамақпен тамақтануды ұйымдастыру

Мектепшілік ата – аналар комитетінің санитарлық-гигиеналық комиссиясының отырысы өтті, онда мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесі қарастырылды. Ата-аналардың сұрақтарына мектеп асханасының жалға алушысы Ж. Н. Шаяхметова жауап берді, сонымен қатар ата-аналарға мектеп асханасында қолданылатын азық-түлікке сатып алу актілері, сапа сертификаттары, күнделікті және келешектегі мәзірлер ұсынылды.