Халық дәстүрі - алтын бесік
3 "Б" сынып оқушылары облыстық балалар кітапханасында "Халық дәстүрі - алтын бесік"атты іс-шараға қатысты. Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Достық үйінің ұлттық орталықтарынан келген қонақтар өз халқы, салт-дәстүрлері, ұлттық мерекелері туралы айтып берді. Ән шырқалып, би орындалды.