Сенім телефоны
87713277695
email: sosh28@goo.edu.kz
Мекенжайы: С. Торайғыров көшесі, 24
53-05-12, 53-17-48, 62-73-82
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00 - 17.00 бейсенбі 14.00 - 17-00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Абайды әлемге танытқан тұлға»
18-02-2020 15:57
«Абайды әлемге танытқан тұлға»

2020 жылдың 18 ақпан күні ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған 10-11-сынып оқушылармен «Абайды әлемге танытқан тұлға» атты дөңгелек үстел өтті. Оқушылардың дайындаған таныстырылымынан кейін Мұхтар Әуезов қаламынан шыққан «Абай жолы» роман-эпопеясының құндылығы жөнінде сөз қозғалды. Романды жазуға дайындық кезеңі, жадығаттарды жинау, кейіпкерлердің өмірдегі шындық бейнесі, тарихи шындық пен өтірік, әлемдік деңгейдегі танымал ақын-жазушылардың пікірі талқыға салынды. Мұхтар Әуезов «Абай жолын» соңынан бастап жазғанын, «Абай жолының» жарыққа шығуына неге тыйым салынды, алғашқы оқырмандар «Абайды» қалай қабылдағаны туралы түсінік алды. Әр оқушы шығарманы оқығаннан қандай әсер алғанын, өз ой-пікірін жеткізуге тырысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Әлкеева Р.С.