Орыс тілі мен әдебиеті апталығы, сондай-ақ «Адал Азамат» бағдарламасы аясында мектепте 8–9–10 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Орыс тілі мен әдебиеті апталығы, сондай-ақ «Адал Азамат» бағдарламасы аясында мектепте 8–9–10 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — көркем сөзге қызығушылықты арттыру, мәнерлеп сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу және мәдени мұраға құрмет сезімін дамыту.
Қатысушылар орыс әдебиеті шығармаларын жоғары деңгейде, әсерлі әрі терең түсінікпен оқып, өз шеберліктерін көрсетті. Байқау жылы, шығармашылық атмосферада өтіп, оқушылардың азаматтық белсенділігін қалыптастыруға және көркем сөзге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.
