9-сынып түлектеріне аттестат тапсырудың салтанатты рәсімі!
Мектебімізде 9-сынып түлектеріне аттестат тапсырудың салтанатты рәсімі өтті! Бұл күн тоғызыншы сынып түлектерінің өміріндегі маңызды белес болды. Артта оқу жылдары, қызықты сабақтар, мектептегі іс-шаралар, жеңістер мен жетістіктер қалды. Салтанатты жағдайда оқушылар негізгі орта білім туралы алғашқы құжаттары — аттестаттарын алды. Түлектерімізді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарыңызға нық қадам басып, жаңа мүмкіндіктерден қорықпай, өздеріңізге сеніп, барлық бастамаларыңызда табысқа жетулеріңізге тілектеспіз. Алдағы уақытта жарқын жаңалықтар, тың білім мен үлкен жетістіктер серік болсын!




