Сенім телефоны
87182500331
email: sosh41@goo.edu.kz
Мекенжайы: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 70
ничего не делаю; - 42
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 215
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Деңгейлі курстарды өткен мұғалімдер ашық сабақтарын өткізді
31-10-2014 07:08
Деңгейлі курстарды өткен мұғалімдер ашық сабақтарын өткізді

Ұстаздардың тәжірибе жұмысына инновацияны енгізіп, қайта даярлау деңгейі мен мониторингті өткен  ұстаздардың  шеберлігін арттыру мақсатында, «Кембридж бағдарламасын оқу барысында қолдану» атты тақырыбына қазан айында біздің мектепте ашық сабақтар өткізілді. Бұл шараның өткізу мақсаты, тәжірибе алмасу мен Кембридж бағдарламасының негізгі жеті әрекетін тәжірибеге енгізу болып табылады.

Ашық сабақ 8 «В» сыныбы  М.П.Қасқырбаева өткізген «Табиғаттағы химиялық айналымы» тақырыбымен химия сабағынан басталды. Мұғалім кластерді жүзім ретінде қолданды, сабақ барысында оқушылар топқа бөлінді, жұмыс барысында қорытындылап отырып, кеспе қағаздар арқылы тапсырмаларды орынды. Сабақ кезінде балалар өзін-өзі және бір-бірін бағалау парақшасын толтырып отырды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Көрнекілік үшін мұғалім смайл мен табыс баспалдақтарын қолданды. 

Н.К.Тұрсұнбаева 10 сыныпта «Гидросфера мен оның құрамы» тақырыбына географиядан сабақ өткізді. Сабақ барысында балаларды топтастырып, оларға жайлы жағдай ұйымдастырып, постерді құрастыра орырып оны қорғай алды. Сабақта барлық жеті әрекет қолданылды. Сабақтың көрнекілігі : «Чемодан, еттартқыш, қоқыс шелегі» болды.

Қазақ тілі мұғалімі Г.Т.Жұматаева 4 «Г» сыныбында «Ұлттық тағамдары» тақырыбына сабақ өткізді. Психологиялық жағынан сергіту үшін балалар дөңгеленіп тұрып, аттарын атаумен қатар қазақ сөздерін еске алып отырды. Түрлі-түсті кеспе қағаздар арқылы олар топқа бөлінді. Мәтінді тыңдап және слайд шоуды қарағаннан кейін оқушылар тақырыпты таба алды. Постерлерді қорғау кезінде түрлі-түст стикерлермен бағаланды. Сонымен қатар, «Бағдаршам» жүйесімен балалар бірін-бірі бағалады. Оқушылар сергіту сабағын қуана қабылдады.

Г.С.Тұртұғұлова тарих сабағын 5 «Г» сыныбында өткізді. Ол геометриялық пішіндер арқылы балаларды топқа бөлді. «Бұл мен, бұл мен, бұл менің тату отбасым» деп оқушылардың бір дауыспен айқалағандары, ұжымдастыққа тәрбиелейді. Сабақ барысында  «Жигсо» тәсілі қолданды. Тапсырмалардың көптігі балаларды қажытпай, керісінше қызығушылықты оятып отырды. Оқушылар сергіту сабағын өткізіп, топ құрамын өзгертті.

Қазақ тілі мұғалімі Б.Т.Өтенова 8 «Г» сыныбында «Мектеп асханасы» тақырыбына сабағын өткізді. Мұғалім 7 әдісті енгізумен қатар, негізгі тыңдалым, айтылым және диалог әдістерін қолдана білген. «Автобус аялдамасы», «Кластер», «Эссе», «екі жұлдыз бен тілек» жүйелерін қолданды. Балалар топта ұжымдасып жұмыс істеді, флипчаттарды құрастырды, сабақтың көрнекілігі синквейнді құрастыру болды.

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М.Е.Билая 8 «В» сыныбында «18 ғасырдағы орыс әдебиеті» тақырыбымен сабақ өткізді. Сабақ «қардың кесегі», «Жигсо», «Постерлерді қорғау», «Келісемін және қарсы», қалыптастыру мен критериялық бағалау әдісі қолданылды. Тақырыпқа сай ақпаратты, балалар ноутбукты қолдана отырып іздеп тапты. 

Қазақ тілі мұғалімі Қабиденова 10 сыныпта «Қонақжайлық» тақырыбына сабақты өткізді. Оқушылар ауыл болып бөлініп, «Дөңгелек үстел» өткізді. Сабақ «Жигсо», «Айтыс-таластар», «Жуан және жіңішке сұрақтары» атты әдістер арқылы өтті, оқушылар ұялмастан тілде сөйлеп, өз көзқарастарын білдірді. 

Топтық жұмыс – жаңа материалмен танысу барысында балалар үшін таптырмас әдіс болып табылады. Топтық жұмыс оқушылар үшін - өзін,  өз мүмкіншілігін, ұжыммен жұмыс істеу барысында өзін көрсету, балалардың топтық жұмысы туралы пікірлері, білім беру жүйесіне қажет екенін білдіреді.

 

                                                                                                  Н.К.Тұрсұнбаева