«Отбасы - мектеп» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 5 сынып оқушылары қатысқан «Отбасы - менің мақтанышым» атты оқырмандар байқауы өтті.
«Отбасы - мектеп» жобасы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 5 сынып оқушылары қатысқан «Отбасы - менің мақтанышым» атты оқырмандар байқауы өтті.
Отбасы - әр адамның өміріндегі ең басты байлығы. Біз отбасымызда махаббатқа, жауапкершілікке, қамқорлыққа, құрметтеуге үйренеміз. Өлеңдер байқауы білім алушыларды көркем поэтикалық сөзге баулуға, отбасына деген құндылыққа, өз отбасына деген мақтанышқа тәрбиелеуге, отбасылық қарым-қатынастың оң тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.
Балалар шығармашылық қабілеттерін «Отбасы - менің мақтанышым» тақырыбында сурет салу арқылы көрсетті.
Байқауда ең мықты оқушыларға дипломдар табысталды.