Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 5-8 сынып оқушыларының Павлодар қаласы ювеналды полициясының аға инспекторы Ибраева Қайыргүл Госмановнамен кездесуі ұйымдастырылып, «Жасөспірімдердің әкімші
26-01-2023 08:19
Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 5-8 сынып оқушыларының Павлодар қаласы ювеналды полициясының аға инспекторы Ибраева Қайыргүл Госмановнамен кездесуі ұйымдастырылып, «Жасөспірімдердің әкімші

Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 5-8 сынып оқушыларының Павлодар қаласы ювеналды полициясының аға инспекторы Ибраева Қайыргүл Госмановнамен кездесуі ұйымдастырылып, «Жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында әңгіме жүргізілді.

Қайыргүл Госманқызы өз әңгімесінде ұрлық, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Жасөспірімдерге қай жастан бастап қылмыстық жауапкершілік жүктелетіні және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді.

Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға кеңес берді. Оқушылармен әңгімелесу барысында полиция қызметкері оқушыларға қылмыстың құрбаны болмау жолдарын айтып берді: олардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, сондай-ақ оқушылардың жеке заттарының сақталуы үшін жауапкершілігі мәселелері көтерілді.