Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі - 2023»
27-02-2023 08:05
 «Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі - 2023»

2023 жылдың 20-24 ақпанынан бастап Павлодар қаласының білім бөлімі «Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі - 2023» байқауын өткізді, оған қала мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

Байқаудың мақсаты - педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.

Байқау екі номинация бойынша өтті: Pitch-презентация «Педагог-новатор» және «Ашық сабақ».

Мұхтар Әуезов атындағы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дулат Суннатұлы Мұхамеджанов байқауда өзінің педагогикалық тәжірибесін, инновациялық идеяларын, оқыту мен тәрбиенің өзекті мәселелерін қорытындылап, білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша ашық сабақ өткізіп, ең көп балл жинап, жоғары марапатқа ие болды!

Дулат Суннатұлын жоғары нәтижемен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестерге жетуді тілейміз!