Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 10 А және 10 Б сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Кітаппен демалыс» акциясы аясында Павлодар қаласының №2 балалар кітапханасына барды.
Кітапхана қызметкері Нұрмағамбетова Гүлжанат Қайроллақызы кітапхана қорында сақталған журналдар мен кітаптардың қызықты да танымдық беттеріне экскурсия жүргізді.
Көрмеге қойылған кітаптар: І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда», «Қазақ ұлтының этномәдени лексикасы», М.Ш. Өмірбекованың «Қазақтың салт-дәстүрі», «Қазақ халқының ойы-өрнегі», Д.Парновтың «Кім болу керек? «Мамандық таңдаудың құпиялары» және басқалары балалар арасында шынайы қызығушылық тудырды.
Кітаптарда баяндалатын тарихи деректер мен оқиғалар, қызықты тұлғалар, қазақ халқының мәдени дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары оқушыларға қосымша білім көзі болмақ.
Балалар алған мәліметтерді тарих, география, әдебиет сабақтарында пайдалана алады.
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы мектептің 10 А және 10 Б сынып оқушылары «Оқуға құштар мектеп» жобасы мен «Кітаппен демалыс» акциясы аясында Павлодар қаласының №2 балалар кітапханасына барды.