24 сәуір мен 5 мамыр аралығында Павлодар қаласының білім беру мектептерінің 4-5 сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» қалалық турнирі өтті.
24 сәуір мен 5 мамыр аралығында Павлодар қаласының білім беру мектептерінің 4-5 сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» қалалық турнирі өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы мектептің футбол командасы ойындар кезінде 30 қатысушы команданың арасында ерекше ептілігімен, жылдам реакциясымен, спорттық ұстамдылығымен көзге түсті.
Черепов Макар, 5 “З”сынып оқушысы, турнирдің үздік ойыншысы, Төлеген Әбілансұр, 4 “З” сынып оқушысы - үздік шабуылшы атанды.
Біздің мектептің футбол командасы мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Голован Вилен Викторовичті жеңісімен құттықтаймыз! Облыстық турнирде жоғары нәтижелерге қол жеткізуді тілейміз.