Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен бірлесіп, Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту бағдарламалары мен жеке қызмет түрлерін қолдану» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
29-01-2024 08:46

Семинардың мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен (ЕБҚ) жұмыс істеуде үздік педагогикалық тәжірибелерді көрсете отырып, мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін ұсыну болды.

Білім беру бөлімінің әдіскері Нурахметова Шолпан Саменовна жеке және бейімделген бағдарламаларды құрастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды бағалау тәсілдеріне тоқталды.

Мектеп басшысы Топанова Гульнар Туияковна қатысушыларға мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау туралы айтып берді.

Оқу ісі жөніндегі басшы орынбасары Безрукова Юлия Алексеевна инклюзивті білім беру бойынша мектеп жұмысының негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Семинардың тәжірибелік бөлігі төрт фокус-топта ұйымдастырылды, онда мектеп педагогтары ЕБҚ бар балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, шеберлік сағаттарын, ашық сабақтар, тренингтер көрсетті.

Логопедиялық сабақтар кезінде балалардың психологиялық кедергілерін еңсеру жөніндегі жұмыс туралы, бағдарламалар мен тапсырмаларды, сөйлеуді оқытудың тиімді стратегияларын құруда цифрлық ресурстарды пайдалану, семинар-практикум барысында педагогтар ойын технологияларын қолдану, ЕБҚ бар оқушыларға арналған жеке бағдарлама жасау және оқу процесінде жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктерін айтып, көрсетті.

Семинар соңында спикерлер мен іс-шара қонақтары арасында пікір алмасып, қатысушыларға Павлодар қаласының білім бөлімінің сертификаттары табысталды.