Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Көктемгі Наурыз мерекесі – жаңарудың, жаңа өмірдің дүниеге келуінің символы, халқымыздың мәдениеті мен үздік дәстүрлерінің көрінісі. Бұл біздің айналамыздағы әлем ғана емес, біздің еліміз де оянып, жаңарып, жаңа құндылықтар қалыптасатын тамаша уақыт.
23-03-2024 07:54

Мереке қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте Наурызнаманың тұжырымдамасына сәйкес бірқатар іс-шаралар өтті: «Көрісу күні-Амал мерекесі», «Қайырымдық», «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні», «Шаңырақ», «Ұлттық киімім күні», «Жаңару», «Ұлттық спорт», «Ынтымақ».

«Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік концерт бірыңғай мектеп шаңырағына оқушыларды, педагогтарды, усолка шағын ауданының қонақтарын - Ардагерлер кеңесінің мүшелерін жинады.

Жиналғандардың атына мектеп басшысы Топанова Гүлнар Туияққызы құттықтау сөз сөйлеп, мектеп педагогтары мен қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.

Мерекелік шашу, мектеп домбырашылар оркестрінің ойыны, ұлттық билер мен әндердің орындалуы, «Бауырсақ party» жиналғандардың барлығын қуантты.
Іс-шара Наурыз бата рәсімімен аяқталды!