13 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде «Олимпиада ойындарына жүз күн қалғанда» атты дене шынықтыру апталығы басталды.
Аптаның мақсаты - олимпиадалық қозғалыс идеясын насихаттау, үнемі спортпен шұғылдануға ынталандыру, оқушылардың салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру және спорттағы дарынды балаларды анықтау.
Таңертең ашық ауада мектеп Олимпиадасы басталды. Мектеп оқушылары мен педагогтары арқанмен секіру, теннис добын толтыру, армрестлинг, ләңгі тебу спорттық жарыстарға белсенді қатысты.
Мектеп ауласында көңілді музыкамен өткізілген жігерлі жаттығулар балаларға күні бойы сергектік сыйлады.
Акт залында «Олимпиада ойындарының калейдоскопы» атты сыныптан тыс іс-шара өтті, онда оқушылар түрлі-түсті презентациялар мен музыкалық қойылымдар көрсете отырып, олимпиада ойындарының пайда болу тарихы туралы айтып берді.
Пәндік апта ішінде көптеген спорттық іс-шаралар өтеді. Ең белсенді оқушыларды дипломдар мен сыйлықтар күтеді.
13 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы мектебінде «Олимпиада ойындарына жүз күн қалғанда» атты дене шынықтыру апталығы басталды.