Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
08-08-2024 13:08
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Білім Министрлігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді.

Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

Ұлдарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:

пиджак, жилет, шалбар, салтанатты жейде, күнделікті жейде немесе түймелі немесе құлпылы тоқылған жемпір/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы кезеңде: тоқылған жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбар бос және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабады.

Қыздарға арналған мектеп формасына мыналар кіреді:

пиджак, жилет, белдемше (юбка), шалбар, классикалық блузка немесе тоқылған жемпір/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы кезеңде: тоқылған жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбар бос және ұзындығы бойынша аяқтың тобығын жабады.

Ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасының түсі қою көк, қара түсті болады. Күнделікті киюге арналған жейделер түсі ақ және бейтарап (көк, сарғыш, сұр - барлық ашық түстер). Салтанатты мерекелерде - ақ түсті.

Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовка, кеды) тұрады.

Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.