«DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру» қалалық тамыз секциялық сабақтары аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектептің педагогтары өз тәжірибелерін ұсынды.
Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің фокус -тобында орыс тілін оқытудағы цифрлық технологияларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен Л.С. Омарова бөлісті.
Мұғалім А.А.Файзулла оқушылардың Soft skills дағдыларын дамыту туралы тақырыбымен бөлісті.
Химия және биология мұғалімдерінің фокус-тобы үшін Е.В.Иванова «Биология сабағында CLIL технологиясын қолдану» тақырыбы бойынша материал ұсынды.
Тарих пәнінің мұғалімі Купесова А.Б. «Кәмелетке толмағандар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу» аймақтық семинар-тренингіне қатысып «Білім беру мекемелеріндегі діни экстремизм тәуекелдерін төмендетуге мектеп формасының әсері туралы» атты баяндама жасады.
Педагогтарға сертификаттар табысталды.
«DIGITAL KAZAKHSTAN: жаңа замандағы білім беру» қалалық тамыз секциялық сабақтары аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектептің педагогтары өз тәжірибелерін ұсынды.