Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте ата аналар жиналысы өтті «Оқушылар үшін қауіпсіз орта құрудағы мектеп пен отбасының синергиясы».
10-11-2024 08:54

Күн тәртібіне сәйкес жиналыста  оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта құру, балалардың әлеуметтік желілердегі интернет-қауіпсіздігі, мектепте тыйым салынған заттар мен бұйымдар үшін мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

Ата-аналардың назарына «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
2024-2025 оқу жылының I тоқсанындағы оқушылардың үлгерімінің қорытындысы, оқушыларды МОДО мен ҰБТ-ға дайындаудың аралық қорытындысы шығарылды.

Сондай-ақ, ата-аналарға міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар, сабақтарға кешігу мен өткізілуін бақылау, санитарлық нормалардың сақталуы және балалардың мектеп мүлкіне ұқыпты қарауы туралы еске салынды.

Жиналыстың екінші бөлімі 2-қабаттың фойесінде консультациялық алаңдарда ұйымдастырылды, онда ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап, пән мұғалімдерінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтің, мектеп әкімшілігінің ұсынымдарын ала алды.