3 желтоқсанда «Павлодар дарыны» БДЖҚО орта білім беру ұйымында «Әліппе ғылым бастау» ең жас оқушыларға арналған қалалық олимпиадасы өтті. Іс-шара мемлекеттік тілде оқытатын бірінші сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, ауызша сөйлеуін, сахналық ш
3 желтоқсанда «Павлодар дарыны» БДЖҚО орта білім беру ұйымында «Әліппе ғылым бастау» ең жас оқушыларға арналған қалалық олимпиадасы өтті.
Іс-шара мемлекеттік тілде оқытатын бірінші сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, ауызша сөйлеуін, сахналық шеберлігін дамытуға бағытталған.
Олимпиадада «Өлен сөзінің патшасы» номинациясы бойынша 2 орын алған 1 А сынып оқушысы Құсан Мұхаммедті құттықтаймыз. Жаңа жеңістер мен сарқылмас шабыт тілейміз!
Жүлдегерді дайындаған бастауыш сынып мұғалімі Бегзат Кабдуллаевна Шанкотоваға алғыс айтамыз!
