Телефон доверия
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Адрес: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 30 қаңтарда Павлодар аймақтық сайлау комиссиясының қолдауымен жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін дамыту,азаматтық белсенділіктерін арттыру және сайлау жүйесіне тарту мақсатында алғашқы «Жас сайлаушылар клубы» тәжірибелік
02-02-2025 22:14
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 30 қаңтарда Павлодар аймақтық сайлау комиссиясының қолдауымен жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін дамыту,азаматтық белсенділіктерін арттыру және сайлау жүйесіне тарту мақсатында алғашқы «Жас сайлаушылар клубы» тәжірибелік

Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 30 қаңтарда Павлодар аймақтық сайлау комиссиясының қолдауымен жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін дамыту,азаматтық белсенділіктерін арттыру және сайлау жүйесіне тарту мақсатында алғашқы «Жас сайлаушылар клубы» тәжірибелік отырысы өтті.

Клуб құрамына жоғары сынып оқушылары кірді. Алғашқы отырыс ҚР Ата заңының қабылдауының 30 жылдығына арналды. Педагогтар А.Б.Купесова және А.А.Файзулла сайлау жүйесі мен сайлау құқықтары сұрақтары бойынша интерактивті лекция өткізді.

Мектеп басшысы Г.Т. Топанова сайлаудың ел болашағы үшін ықпалы мен жастардың саясат өмірге белсенділігінің маңыздылығы туралы толық тоқталып өтті.

Клуб отырысының жұмысына педагогикалық еңбек ардагері, Қазақстан Республикасының үздік ағартушысы Н.Ж.Алибаева қатысты.

Клуб мүшелері топтық жұмысқа белсене қатысты: сұрақтарға жауап берді, азаматтық жауапкершілік туралы және жас ұрпақтың ел өміріне араласуларының маңызы туралы ойларымен бөлісті.
Отырыс соңында оқушылар келесі жиында бекітілетін «Жас сайлаушылар клубы» логотипі үлгісін ұсынды.

Клуб мүшелерінің алғашқы отырысы жағымды ортада өтті. Мектеп оқушылары:Асанали Сасызбай, Илья Никонов,Аина Ескендирова, Жалғас Габдулманап, Әдия Сүйіндік клуб жұмысында ерекше белсенділік танытты.