Сенім телефоны
625450
email: Auezova@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
8(718)2-62-62-86 Call орталығы
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
2025 жылдың 06 ақпанында білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қалалық семинар аясында EdTech педагогикалық зертханасының «Авторлық бағдарламалар құру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру» атты жұмысы ұсыны
07-02-2025 23:13
2025 жылдың 06 ақпанында білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қалалық семинар аясында EdTech педагогикалық зертханасының «Авторлық бағдарламалар құру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру» атты жұмысы ұсыны

2025 жылдың 06 ақпанында білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қалалық семинар аясында EdTech педагогикалық зертханасының «Авторлық бағдарламалар құру арқылы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін үздіксіз арттыру» атты жұмысы ұсынылды. Семинар жұмысына Павлодар қаласының білім бөлімінің әдіскері Гульсина Шайдуловна Шиндлярская және Павлодар қаласының мектеп басшысының тәрбие жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинардың мақсаты – кәсіби өсу мен құзыреттілікті үздіксіз дамыту, мұғалімдердің интеллектуалдық және шығармашылық бастамасын қалыптастыру.

Мектеп басшысы Гульнар Туиякқызы Топанова жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, мұғалімнің тұлғалық, шығармашылық және кәсіби әлеуетін өзгертудің маңыздылығын атап көрсетіп: оқу-тәрбие процесінің басты тұлғасы – мұғалім, тек сабақ өткізумен шектеліп қалмай,сонымен қатар авторлық концепциясын анықтауда, бірегей білім беру парадигмасын табуға мүмкіндік беретінін айтты.

Пленарлық бөлімде басшының орынбасары
Д.З. Джансеитова «Білім беруді даралау: заманауи міндеттер контексіндегі авторлық бағдарламалардың әлеуеті (М.Әуезов атындағы мектеп мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесінен) тақырыбында баяндама оқылып, Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының лауреаты болған З.Ш. Ергашованың - «Мультимедиа әлемі» элективті курс бағдарламасының презентациясы көрсетілді.