Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
2025 жылғы 24 сәуірде «Әке – баланың бақытының бастауы» тақырыбында кезекті АПҚО орталығының отырысы өтті.
25-04-2025 19:18

Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың, әсіресе әкелердің, баланың тәрбиесіндегі ер азаматтың рөліне назарын аудару, әкелік қатысудың баланың эмоционалдық және тұлғалық дамуына маңыздылығын түсінуді қалыптастыру.

Отырыстың алдында мектеп психологтары «Саналы әке болу» атты тренинг өткізді, оның барысында ата-аналар бір-бірімен жақынырақ танысты.

Қазіргі заманғы әкенің құндылықтары мен жеке қасиеттері туралы талқылау жиналғандардың шынайы қызығушылығын тудырды.

Сондай-ақ «Әкенің тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне қатысуы» тақырыбындағы сұхбат та қызықты өтті. Ата-аналар әкенің тәрбие беру үдерісіне қатысуы баланың жауапкершілік сезімін дамытуға, агрессия мен мазасыздық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ оқу мен өзін-өзі дамытуға деген мотивацияны арттыруға оң әсер ететінін бір ауыздан атап өтті.

Отырыс жылы әрі сенімді атмосферада өтті.