2025 жылғы 2 мамырда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте дәстүрге айналған Ғылым күні өтті.
Үшінші жыл қатарынан мамыр айында Ғылым күні аясында «Мектеп жобасынан – ғылыми жаңалыққа» атты мектепішілік ғылыми-практикалық конференция өткізіліп келеді.
Конференцияның мақсаты - оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту және олардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ашу.
Конференцияға №5, 6, 43 мектептердің жас зерттеушілері, университеттер мен білім беру орталықтарының ғалымдары мен сарапшылары қатысты:
Бейсенова Жупаркул Жумабаевна, психология кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры,
Сулейман Роза Темиргалиевна, Павлодар облыстық білім беру орталығының Инновациялық даму бөлімінің әдіскері,
Айгумусова Динагуль Саябековна, физика-математика ғылымдарының магистрі, Инновациялық Еуразия университетінің «Инженерия және өндірістік технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы,
Урюмцева Татьяна Игоревна, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Инновациялық Еуразия университетінің «Инженерия және өндірістік технологиялар» кафедрасының оқытушысы,
Сулейменов Мурат Алибекович, тарих ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының доценті.
Конференция жұмысына онлайн режимде Қарағанды облысы білім басқармасына қарасты Ыбрай Алтынсарин атындағы тірек мектебінің педагогтері де қосылды.
Конференция құттықтау сөздер мен оқушылардың зерттеу жұмыстарының маңыздылығын атап өткен баяндамалармен басталды.
Оқушылар ғылыми жобаларын төрт негізгі бағыт бойынша ұсынды:
• «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі»,
• «Экономикалық және әлеуметтік жүйелерді зерттеудегі математикалық модельдеу мен ғылыми-техникалық прогресс»,
• «Менің Қазақстаным: тарихи ескерткіштер мен туристік маршруттар»,
• «Тіл мен мәдениет: жас ғалымдар зерттеуіндегі әлем».
