2025 жылғы 12 мамырда Мұхтар Әуезов атындағы мектептің оныншы сыныптарының 37 жасөспірімі қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері (БҚСЛ) «Орман ертегісі» лагеріне аттанды.
Таңертең мектеп ауласында оқушыларды БҚСЛ-ге шығарып салу үшін ата-аналар, сынып жетекшілері және сыныптастары жиналды.
Салтанатты сап түзеу Естай атындағы Мәдениет үйінің алдындағы алаңда өтті. Оқушылар бара жатқан «Орман ертегісі» лагері Щербақты ауданы аумағында орналасқан. 5 күн бойы армиялық жағдайда жасөспірімдер тактикалық, атыс және саптық дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітеді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс негіздерін меңгереді.
Оқу-жаттығу жиыны барысында оқушылардың практикалық дайындығына, жергілікті жерде бағдар жасау және түрлі кедергілерді еңсеру қабілеттерін дамытуға ерекше мән беріледі.
Балаларға сәттілік тілейміз!
