Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 2024–2025 оқу жылының түлектері үшін Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
24-05-2025 22:05
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 2024–2025 оқу жылының түлектері үшін Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Мұхтар Әуезов атындағы мектепте 2024–2025 оқу жылының түлектері үшін Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынның ашылуы, Мемлекеттік тудың көтерілуі, әнұранның орындалуы, мектеп директорының, ұстаздардың, арнайы шақырылған қонақтар мен ата-аналардың жүрекжарды құттықтау сөздері мерекенің жарқын сәтіне айналды.

Іс-шараның қадірлі қонақтары – білім беру саласының ардагерлері мен түлектердің ата-аналары болды.

Мерекенің ең толқытқан сәттерінің бірі – түлектердің Білім Кубогын 10-сынып оқушыларына табыстау рәсімі еді. Бұл кубок – жай ғана зат емес. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының, білімге деген сүйіспеншілік пен білімнің күші мен маңыздылығына деген сенімнің нышаны. Бұл әрекет – ұстаздарға деген алғыс, білімнің құндылығын мойындау және мектептің болашағы сенімді қолда екеніне деген үміттің көрінісі.

Толқу, көз жасы мен мақтанышпен түлектер өздерінің соңғы мектеп қоңырауын тыңдады — тағдырларының жаңа бетіне қадам жасады. Бұл – шын мәнінде жүректі елжіреткен, нұрлы әрі тебіреністі сәт болды.

Мереке түлектердің қоштасу вальсімен аяқталды. Бұл вальсте – қоштасудың мұңды сағынышы, жүріп өткен жолға деген мақтаныш пен болашаққа деген үміт тоғысты.

Ақ жол, түлектер!

Әлем сіздердің жетістіктеріңізді күтеді. Сіздер бәріне қол жеткізетіңдеріңе -біз сенеміз!