Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Ата-аналық бақылау: құралдар мен кеңестер» тақырыбында ата-аналармен маңызды кездесу өтті.
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Ата-аналық бақылау: құралдар мен кеңестер» тақырыбында ата-аналармен маңызды кездесу өтті.
Кездесу барысында ата-аналар балаларының цифрлық өмірінен хабардар бола отырып, сенімді қарым-қатынасты қалай сақтауға болатынын талқылады.
Назар отбасындағы сенім, жеке шекара және ашық диалогтың маңыздылығы мәселелеріне ерекше аударылды.
Психологтар тренинг өткізіп, жылы әрі достық атмосфера орнатты. Ата-аналар пікірталасқа белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу мазмұнды өтіп, шынымен пайдалы болды.
Қатысушылардың басты түйгені: бақылау — бұл тыйым салу емес, керісінше қамқорлық пен қолдаудың көрінісі.
