Балаларды қорғау күніне орай Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылар еліміздің басты резиденциясы — Ақордада қонақта болды!
Қонақтар қатарында — халықаралық және республикалық олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар болды.
Павлодар облысының атынан 6-сынып оқушысы, Мұхтар Әуезов атындағы мектептің шәкірті - Шалимов Артур қатысты. Артур бала кезінен вокалмен айналысады, спортты жақсы көреді және болашағын музыкамен байланыстыруды армандайды. Ол – республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы!
Оқушылар Ақорданың салтанатты залдарын, кітапханасын, Мемлекет басшысының қабылдау бөлмесін аралап, резиденция аумағындағы көркем бақта серуендеді. Олар Ақорданың сәулеттік ерекшеліктері мен тарихи маңызы туралы көп мағлұмат алды.
Артур үшін бұл сапар – жарқын әсерге толы рухани-танымдық саяхат болды!
