9-сынып түлектерінің қорытынды аттестациясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте мемлекеттік жазбаша емтихан өткізілді: • мемлекеттік тілінде оқытатын сыныптарда – «Қазақ тілі» пәні бойынша
9-сынып түлектерінің қорытынды аттестациясы аясында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте мемлекеттік жазбаша емтихан өткізілді:
• мемлекеттік тілінде оқытатын сыныптарда – «Қазақ тілі» пәні бойынша;
• орыс тілінде оқытатын сыныптарда – «Орыс тілі» пәні бойынша.
Емтихан белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес өткізілді. Ұйымдастыру және өткізу процесі жоспарға сай, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылды.
Емтиханның мақсаты – оқушылардың оқу тілі бойынша білім деңгейін объективті бағалау және білім берудің келесі кезеңіне дайындығын анықтау.
Барлық оқушыларға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!
