«Зияткер жандар турнирі» «Тарлан» клубында: жаңалықтарға толы қызықты күн.
«Зияткер жандар турнирі» «Тарлан» клубында: жаңалықтарға толы қызықты күн.
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері «Тарлан» балалар-жасөспірімдер спорт клубында өткен «Зияткер жандар турниріне» қатысты.
Шара барысында балалар логика мен зеректікке негізделген сайыстарда бақ сынады: шахматтық тапсырмаларды шешіп, стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар, ептілік пен назарды қажет ететін ойындар — балалар бильярды, үстел футболы және теннис — ерекше қызығушылық тудырды.
Қатысушылар үшін көңілді жаттығулар мен қимыл-қозғалыс ойындары да ұйымдастырылды. Бұл күн есте қаларлықтай өтті: әр бала өзін нағыз зияткер әрі чемпион сезінді!
