Мұхтар Әуезов атындағы мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері «Жәндіктер әлемінде» атты танымдық шараға қатысты. Алғашқы минуттардан-ақ балалардың қызығушылығы оянды!
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері «Жәндіктер әлемінде» атты танымдық шараға қатысты. Алғашқы минуттардан-ақ балалардың қызығушылығы оянды!
Балалар құмырсқалардан бастап түрлі-түсті көбелектерге дейін әртүрлі жәндіктер туралы қызықты мәліметтерді зейін қойып тыңдады.
Ал жәндіктер коллекциясы нағыз таңданыс тудырды!
Қанаттарын, аяқтарын, хитин қабықтарын лупа арқылы мұқият қарады. Біреулер сүйсіне қараса, енді біреулер жеңіл тітіркену де сезінді — себебі мұндайды күнде көре бермейміз ғой!
Бұл күн балалардың табиғатқа деген қызығушылығын оятып, ұмытылмас әсер қалдырды.
