Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – ашық аспан астындағы жасыл зертхана! Біздің оқушыларымыз мектеп жанындағы тәжірибе алаңында белсенді еңбек етуде.
23-07-2025 09:29
Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – ашық аспан астындағы жасыл зертхана!  Біздің оқушыларымыз мектеп жанындағы тәжірибе алаңында белсенді еңбек етуде.

Мұхтар Әуезов атындағы мектеп – ашық аспан астындағы жасыл зертхана!

Біздің оқушыларымыз мектеп жанындағы тәжірибе алаңында белсенді еңбек етуде.

Клумбалар мен гүлдерді баптайды – суарады, арамшөптерді жұлады, аумақты көркейтіп, жайлы орта қалыптастырады.
Көкөністердің өсуін бақылайды: тұқым себуден бастап өнім жинауға дейін! Бақылау күнделігін жүргізіп, тәжірибе жасап, тыңайтады.
Дәрілік өсімдіктер – жалбыз, мелисса, түймедақ өсіреді. Қасиеттерін зерттеп, кептіріп, экологиялық коллекцияға жинайды.
Бұталар мен ағаштарға қамқорлық жасайды: бұтап, қопсытып, мульча салады.

Мини-тәжірибелер жүргізеді:
— Қай топырақ тиімдірек?
— Суару қалай әсер етеді?
— Жылыжайда не тезірек өседі?

Өздері өсірген өнімдерден пайдалы жазғы салаттар құрастырып, рецепттерін әзірлейді.

Біз табиғатты аялауды, қолмен еңбек етуді және оймен жұмыс істеуді үйренеміз. Ісімізге, жерге және өмірге — махаббатпен!