Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
2025 жылғы 25 тамызда Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен мектептің басым бағыттары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
26-08-2025 09:05

Педагогикалық кеңестің мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, сондай-ақ алдағы оқу жылына арналған педагогикалық ұжымның негізгі міндеттерін айқындау.

Педагогикалық кеңес барысында нұсқаулық-әдістемелік хат қаралып, келесі негізгі бағдарлар анықталды:
• «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру;
• оқу үдерісіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу;
• педагог мәртебесін арттыру және мектептегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету;
• қауіпсіз білім беру ортасын құру;
• ата-аналар комитеттерінің қызметін трансформациялау.

Сондай-ақ, педагогикалық кеңесте мектептің жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, жаңа оқу жылындағы ұйымдастырушылық мәселелер қаралды.