Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қаламыздың маңызды орындарын қамтыған танымдық квест өткізілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Мұхтар Әуезов атындағы мектепте қаламыздың маңызды орындарын қамтыған танымдық квест өткізілді.
Маршрут барысында оқушылар қалалық әкімдік, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, Жеңіс мемориалы, ұлы ойшыл әрі ақын Абайдың ескерткіші және Достық үйінде болып қайтты.
Әр аялдамада оқушылар арнайы тапсырмаларды орындап, туған өлкенің тарихымен тереңірек танысып, Қазақстан Конституциясының тәуелсіздік, бейбітшілік пен бірлік кепілі ретіндегі маңызын сезінді.
