Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
625450
Адрес: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
1 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов атындағы мектебімізде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Биылғы мерекенің басты ұраны – «Мектебім – мейірімді мекені».
02-09-2025 14:03

Бұл ерекше күн оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар үшін шын мәнінде шынайы қуаныш пен толқу сыйлады. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндеріміз үшін бұл күн ұмытылмас сәтке айналды. Олар жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар тарапынан ыстық ықыласпен, жүрекжарды тілектермен қарсы алынды.

Мерекелік іс-шара мазмұнды өнер бағдарламасымен жалғасты. Оқушылар Отан, мектеп және ұстаз туралы өлеңдер оқып, әндер шырқап, сахналық қойылымдар көрсетті. Дәстүр бойынша алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылының басталғанын паш етті.

«Мектебім – мейірімді мекені» ұраны мектептің тек білім ордасы ғана емес, сонымен қатар өзара құрмет, жылулық, сенім мен ізгілік салтанат құрған екінші үй екенін білдіреді. Біз осындай орта қалыптастыруды мақсат тұтамыз.

Жаңа оқу жылы баршаңызға табысты, қызықты әрі шабытқа толы болсын!