11 А сынып оқушысы Қалабай Гүлсара «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңіне қатысып, «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша жүлделі 3 орыңға ие болды.
11 А сынып оқушысы Қалабай Гүлсара «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңіне қатысып, «Көркемсөз оқу» бағыты бойынша жүлделі 3 орыңға ие болды.
Байқау аясында Гүлсара келесі поэзиялық шығармаларды жатқа әрі әсерлі түрде орындады:
• М.Мақатаев — «Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін».
• Ж.Жабаев — «Сағындым».
• А.Құнанбайұлы — «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман».
Қазылар алқасы оқылым мәнерін, көркем орындау шеберлігін және сахна мәдениетін жоғары бағалады.
Бұл жетістік — оқушының еңбекқорлығы мен шығармашылығын, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегалинова А.Е. жетекшілігімен жүргізілген жемісті жұмыстың нәтижесі.
Гүлсараға алдағы уақытта шабыт, табыс және биік белестер тілейміз!
