«Әуезов күндері» онкүндігі аясындағы конференция
тақырыбы: «Мұхтар Әуезовтің мұрасы және уақыт байланысы»
Бүгін мектебімізде ұлы жазушы, ойшыл, ағартушы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығына арналған мазмұнды әрі терең ойлы конференция өтті.
Қатысушылар дөңгелек үстел басында келесі мәселелерді талқылады:
▪️ Әуезовтің өмірі мен шығармашылығынан қазіргі білім мен тәрбие жүйесінде қандай сабақ алуға болады?
▪️ Неліктен Мұхтар Әуезовті өткен мен бүгіннің арасындағы көпір деп айтуға болады?
▪️ Жазушының шығармалары ұрпақтар сабақтастығын қалай нығайтады?
Оқушылар «Абай жолы» романы туралы ой бөлісіп, бұл шығарма тек әдеби туынды ғана емес, халық тағдырын жеке тұлға арқылы танытатын жол екенін атап өтті. Абай бейнесі арқылы Әуезов мәңгілік құндылықтар – әділет, білім, туған жерге деген махаббат туралы сыр шертеді.
Конференцияға қатысты:
— Қазақ және орыс тілі пәні мұғалімдері.
— Тарих пәні мұғалімдері.
— №5, №6, №43 мектептерінің оқушылары.
— Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының меңгерушісі – Магзумова А.Р.
Сондай-ақ, Семей қаласындағы «Алаш арыстары – М. Әуезов» музейінің басшысымен онлайн кездесу өтті.
Барлық айтылған пікірлер өзектілігімен, мазмұндылығымен және терең зерттелуімен ерекшеленді. Қатысушылар тақырыпты жақсы меңгергенін, талдау жасай білетінін және өз пікірін еркін жеткізе алатынын көрсетті.
Бұл кездесу – ұлы мұра мен жаңа ұрпақ арасындағы алтын көпірге айналды.
