2025 жылдың 29 қыркүйегінде «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қалалық іріктеу туры өтті. 1 орынды Мухтар Әуезов атындағы мектептің математика және информатика пәні мұғалімі Эргашова Замира Шамуритовна
2025 жылдың 29 қыркүйегінде «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қалалық іріктеу туры өтті.
1 орынды Мухтар Әуезов атындағы мектептің математика және информатика пәні мұғалімі Эргашова Замира Шамуритовна өзінің авторлық элективті курсы «AI Мастерская» бағдарламасымен иеленді.
Бұл бағдарлама — математика, информатика және ағылшын тілін тиімді үйлестіре отырып, оқушылардың IT-құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған бірегей жоба.
Бағдарлама заманауи білім беру технологияларын қолданудағы өзектілігімен, тиімділігімен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Замира Шамуритовнаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!
