«СПОРТТЫҚ КЕМПІРҚОСАҚ» — қимыл мен күлкінің мерекесі!
Бастауыш сыныптар апталығы аясында мектебімізде жарқын әрі көңілді спорттық мереке — «Спорттық кемпірқосақ» эстафетасы өтті!
Бұл сайыстың басты кейіпкерлері — ең кішкентай қатысушыларымыз, 1-сынып оқушылары болды! Олар үлкен құлшыныспен, шаттықпен түрлі қызықты жарыстар мен эстафеталарға қатысты.
Бағдарламада:
• «Кемпірқосақтың түстерін жина»,
• «Күн мен жаңбыр»,
• «Көңілді кенгуру»,
• «Кемпірқосақты жеткіз»,
• «Тірі кемпірқосақ».
Әр команда достықты, шапшаңдықты және нағыз спорт рухын көрсетті!
Жарыс нәтижесі бойынша 1 Г және 1 Б сыныптарының командалары жеңіске жетті!
Жеңістерімен оқушыларды және сынып жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Ең бастысы — бұл жарыста достық, қуаныш пен спортқа деген сүйіспеншілік жеңіске жетті!
