Сенім телефоны
625450
Мекенжайы: Ткачев көшесі, 15
Call орталығы: 8(718)2-62-62-86
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-17.00 Жұма 09.00-12.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мұғалім – инклюзияның «Алтын қимасы» атты инклюзивті білім беру бойынша практикум өтті.
24-10-2025 09:41
Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Мұғалім – инклюзияның «Алтын қимасы» атты инклюзивті білім беру бойынша практикум өтті.

Мұхтар Әуезов атындағы мектепте
«Мұғалім – инклюзияның «Алтын қимасы» атты инклюзивті білім беру бойынша практикум өтті.

Іс-шараға облыстың қала және аудан мектептерінің педагогтері, соның ішінде нысаналы №5, 6, 43 мектептердің ұстаздары қатысты.

Іс-шараны мектеп директоры Топанова Г.Т. құттықтау сөзімен ашып, мұғалімнің инклюзивті ортаны қалыптастырудағы басты тұлға екенін атап өтті.
Мектеп директорының орынбасары Мусалимова С.Ж. инклюзивті тәжірибелерді енгізу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Практикум аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
• инклюзивті тәсілдерді іске асырумен ашық сабақтар;
• мұғалімдер қатысқан шеберлік сағаттары, онда олар:
– PECS-карталарымен (визуалды коммуникация) жұмыс істеді,
– нейрожаттығулар орындады,
– Шульте кестелері арқылы зейіндерін жаттықтырды.

Қатысушылар тек бақылап қана қоймай, іс-шараларға белсене араласты!

Диалог алаңында «Ерекше баламен бір күн» атты квест өтті, онда педагогтер мен балалар инклюзия жағдайында кездесетін нақты қиындықтарды талқылады.

Кері байланыс Padlet тақтасында қалдырылды.
Қатысушылардың пікірлері арасында ерекше құнды баға
«Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалының аға оқытушысы,
педагогика ғылымдарының магистрі, халықаралық сертификатталған жаттықтырушы
Оморгүл Ертісхан ханымнан түсті.
Ол іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын атап өтті.

Практикумның соңында оқушылардың әдеби-музыкалық композициясы ұсынылып, қонақтардың жүрегінде жылы әсер қалдырды.

Барлық қатысушылар мен қонақтарға белсенділіктері, қызығушылықтары және жылы атмосфера үшін алғыс айтамыз!