Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қанатова Томирис «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.
Мектебіміздің 11-сынып оқушысы Қанатова Томирис «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.
Томирис «Білімді де тапқыр болғың келсе, өзіңе өзгенің айнасында қара» номинациясы бойынша сайысқа түсті. Ол Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасын зерттеп, өзіндік шығармашылық көзқарасын, эссе жазуға деген қызығушылығын білдірді.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі М.М. Қарабаева оқушыны сайысқа дайындады.
Томириске алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістіктер тілейміз!
