Мұхтар Әуезов атындағы мектепте «Ұлттық style» жобасы аясында этно-стильде жаңа жылдық ойыншықтар жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — білім алушыларды ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрге баулу, шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын және сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылығын дамыту.
Шеберлік сабағы барысында оқушылар этно-стильдің ерекшеліктерімен және ұлттық ою-өрнек элементтерімен танысып, әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, жаңа жылдық ойыншықтарды өз қолдарымен жасады. Әрбір ойыншық өзіндік ерекше дизайнмен безендіріліп, дәстүрлі қазақ ою-өрнектерімен көркемделді.
Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға, шығармашылық ойлауды, ұқыптылық пен эстетикалық қабылдауды дамытуға, сондай-ақ мектепте мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етті.
